Атырау, 30 қыркүйек 20:29
 ашықВ Атырау +11
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Журналистердің құқығы мен бостандығы туралы ұлттық баяндама әзірленеді

598 просмотра

Биыл елімізде БАҚ өкілдерінің қызметіне арналған ұлттық баяндама әзірленбек. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бізге мәлім, халықаралық ұйымдар әртүрлі бағытта баяндамалар әзірлейді. Осы орайда біз биыл мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып жыл соңына дейін Мемлекет басшысына ұлттық баяндама әзірлейміз. Онда алдымен тілшілердің құқығын қорғау және сақтау туралы мониторингтік талдау, БАҚ өкілдерінің құқығы бұзылуының проблемаларын зерттеу, сонымен қатар тілшілердің қауіпсіз жұмыс істеуі және ақпаратты еркін алуы мен тарату қаралады», - деді Қанат Ысқақов Мәжілісте «Масс-медиа» туралы заң жобасын талқылау барысында.

Оның айтуынша, ұлттық баяндама ақпаратты еркін алып, таратуда қолжетімділікті қамтиды.

«Ұлттық баяндама арқылы БАҚ ықпалы өсе түседі. Бұл біз үшін маңызды», - дейді ол.

19 маусым 2023, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.