Атырау, 30 қыркүйек 20:24
 ашықВ Атырау +11
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Мурадовқа қандай жаза тағайындалуы мүмкін?

736 просмотра

Астанадағы банктердің бірінде жеті адамды кепілге алған Мурадов қандай жазаға тартылуы мүмкін екені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеу мүддесіне байланысты соталды тергеп-тексеру деректері жария етілмейді. Алайда қылмыс жасаған күдікті 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені белгілі болды.

"Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 261-бабы 2-бөлігі ("Кепілге алу") бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген, ол мүлкін тәркілеп немесе тәркілемей жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады", - деп хабарлады ІІМ.

Еске салайық, Kaspi.kz-тің Астанадағы бөлімшесінде ер адам бірнеше тұрғынды кепілге алған болатын. Желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарады.

19 маусым 2023, 09:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.