Атырау, 30 қыркүйек 20:37
 ашықВ Атырау +11
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Euro-2024: Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны ірі есеппен жеңді

1 071 просмотра

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы үшінші кездесуін Сан-Мариноға қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сан-Марино - әлемдегі әлсіз құрамалардың бірі. Құрлықтық доданың биылғы іріктеу сатысында екі ойында да қарсыластарына есе жіберіп қойды. Ал Қазақстан еншісінде бір жеңіс, бір жеңіліс бар.

Кездесу барысында ойын тізгіні негізінен қазақстандық футболшылар қолында болды. Десе де оған Сан-Марино лайықты қарсылық көрсетті. Кейбір сәтте қазақстандық футболшылар тарапынан дәлдік жетіспей жатты.

Ойынның 37-минутында қазақстандық Ян Вороговский өзіне берілген мүмкіндікті мүлт жіберген жоқ.

Ал 64-минутта Асхат Тағыберген пенальтиден гол соқса, 94-минутта Бактиёр Зайнутдинов есепті ұлғайтты.

Осылайша Қазақстан қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ, қазақстандық футболшылар ойын көрсететін H тобында Финляндия Словенияны 2:1 есебімен тізе бүктірсе, Дания Солтүстік Ирландия 1:0 есебімен жеңді.

Қазірге дейін Қазақстан құрамасы Словениядан 1:2 есебімен жеңіліп, Данияны 3:2 есебімен тізе бүктірген еді.

Енді аталған топта 19 маусымда Солтүстік Ирландия мен Қазақстан, Словения мен Дания, Финляндия мен Сан-Марино кездеседі.

16 маусымда өткен өзге ойын нәтижелері төмендегіше:

В тобы:

Гибралтар - Франция 0:3

Грекия - Ирландия 2:1

С тобы

Мальта - Англия 0:4

Солтүстік Македония - Украина 2:3

D тобы

Уэльс - Армения 2:4

Латвия - Түркия 2:3

I тобы

Андорра - Швейцария 1:2

Беларусь - Израиль 1:2

Косово - Румыния 0:0

17 маусым 2023, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.