Атырау, 25 қараша 16:31
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әжесімен бірге Кавказдағы әкелеріне бара жатқан

1 728 просмотра

Атырауда Шешенстанға асырып жіберу үшін бұрынғы келінінен немерелерін ұрлап кеткен әжей ұсталды.

Мәселе былай болған. Грозныйда тұрған ерлі-зайыптылар (екеуінің де ұлты шешен) ажырасыпты. Сот төрт баланы күйеуі мен енесі жақтырмаған анасына қалдырыпты. Осыны білген әйел біраз уақытқа балаларын (кішісінің жасы үш жасқа жаңа толған екен) Грозныйдан Қостанайдағы өз әке-шешесіне жібермек болады.

Ал сол кезде бұрынғы күйеуі 58 жастағы енесімен бірге шекараны еш қиындықсыз кесіп өту үшін балаларға жалған құжаттар мен сенімхат дайындап қойған.

Күні бұрын Атырауға дейін, содан соң Астраханға және әрі қарай Шешенстанға кету үшін теміржол билеттер сатып алған әжесі Қостанайға «шаруасымен» барып, немерелерін алып кетеді.

Атырауға Қостанайдан немерелерін ұрлаған әжеге қатысты бағдар тез жетеді. Балалардың анасы да қол қусырып отырмаған. Осы бағытты болжаған ол Грозныйдан Атырауға келіп, тікелей Атырау стансасындағы жергілікті желілік ішкі істер бөліміне шағымданады.

- Жоғалған балаларды іздеуге облыстық криминалдық полиция қызметкерлері де кірісті, - дейді ЖІІБ бастығы Бержан ӨТЕҒАЛИЕВ. - Әжесі немерелерімен бірге 16 сәуірде Атырау-Астрахан бағытындағы пойыз келмес бұрын Атырау қаласының вокзалынан табылды. Бүгін таңертең балалар анасына қайтарылды. Әжесі ұсталып, Қостанайға жеткізілді. Іс бойынша барлық материалдарды Қостанай ІІД-не жолдаймыз.

Анастасия ПАСТУХОВА

18 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.