Атырау, 30 қыркүйек 20:37
 ашықВ Атырау +11
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

788 просмотра

Синоптиктер 17-19 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Болжам бойынша, алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағында оңтүстік циклон және атмосфералық фронт басым болады. Еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. 18 маусымда батыста, 18-19 маусымда республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл соғады деп күтіледі. Республиканың шығысында ауа райы жауын-шашынсыз.

"Тәуліктік ауа температурасы батыста 20-28 градусқа дейін, солтүстік-батыста 13-26 градусқа дейін, солтүстікте 17-27 градусқа дейін, солтүстік-шығыста 30-37 градусқа дейін ыстық болады. Республиканың орталығында, оңтүстік облыстарда температура айтарлықтай өзгермейді", - делінген хабарламада.

16 маусым 2023, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.