Атырау, 4 маусым 05:45
 дождьВ Атырау +14.3
$ 489.31
€ 568.33
₽ 6.63

Балқаш жылу электр орталығында апат орын алды

912 рет қаралды

15 маусымда сағат 16.22-де "Қазақмыс Энерджи" ЖШС-ның Балқаш ЖЭО-сында секциялық ажыратқыш зақымданып, салдарынан меншікті электр қажеттіліктерін жоғалтуына байланысты 10 кВ тарату құрылғысы токтан ажыратылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3 қазандық пен 3 турбина сөндірілді. ЖЭО генерациясы 110-нан 0 МВт-қа дейін төмендеді.

"Сағат 17.10-да электр станциясын бұру бойынша операциялар басталды. Қазіргі уақытта 1 қазандық пен 1 турбина жұмыс істеуде. Технологиялық бұзушылықты тексеру Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің қатысуымен жүргізіледі", делінген хабарламада.

16 маусым 2023, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.