Атырау, 23 желтоқсан 04:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Алматыда науқастарға қан құйғаннан кейін ВИЧ жұққан

674 рет қаралды

Алматы орталық қалалық клиникалық ауруханасында бес науқас ВИЧ жұқтырған. Бұл жөнінде Азаттық радиосы 14 маусымда BES.media телеграм-арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы үш адам ВИЧ жұқтырғанын растады.

Ақпаратқа қарағанда, денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен науқастар қан құйдырғаннан кейін бір айдан соң ВИЧ-инфекциясына анализ тапсыруға тиіс болған. Оларға ВИЧ жұққаны сол анализ тапсырғаннан кейін анықталған.

Басқарманың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 маусымда вирус қайдан жұққанын зерттейтін комиссия құрылған. Комиссия донорлар мен медицина қызметкерлерін және олармен байланыста болған тұлғаларды тексерген. Олардан ВИЧ анықталмаған. Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті аурухананы тексеріп жатыр. Тексеріс жұмыстарына Қазақ тері-венерологиялық ғылыми-зерттеу орталығының мамандары да тартылған.

BES.media телеграм-арнасы бұл Ерболат Досаев жетекшілігі тұсында тіркелген алғашқы ВИЧ жұқтыру оқиғасы емес екенін еске салады. Бұрын Досаев денсаулық сақтау министрлігін басқарған кезде 50-ден астам балаға қан құю кезінде ВИЧ жұққан.

15 маусым 2023, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.