Атырау, 30 қыркүйек 22:29
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Грузияда ұсталған Тараз әкімінің экс-орынбасары елге экстрадицияланды

590 просмотра

2021 жылы Грузияда ұсталған Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қайрат Сарытай Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бас прокуратураға сілтеме жасап.

«Грузияның Әділет министрлігі лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және бюджеттің 50 млн тенгеден астам қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікті деп танылған Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарын ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды.

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан бой тасалады. Сондықтан оған қатысты халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген күдікті Грузияда анықталып, ұсталды.

Грузиялық әріпстермен арадағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде бүгін Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанға жеткізді», - делінген хабарламада.

Мәлім тілгендей, қазіргі уақытта Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Астана қаласының тергеу изоляторына қамалған.

«Көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін», - деп нақтылады Бас прокуратурадан.

Еске салайық, Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қайрат Сарытай халықаралық іздеуге жарияланған болатын. 2021 жылдың 15 желтоқсанында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экс-шенеунік Грузияда ұстылғанын және оны елге жеткізу мәселесі шешіліп жатқанын мәлім етті.

15 маусым 2023, 09:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.