Атырау, 30 қыркүйек 22:26
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Марқұм тракторшы өрт құрбандарының қатарына кірмейді

863 просмотра

Бүгін мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы өрттен кейін өлі табылған 15-ші адамның неліктен өрттен зардап шеккен құрбандардың қатарында жоқ екеніне жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Сараптама қорытындысына сәйкес, оның өлімі жүрек жеткіліксіздігімен байланысты, сондықтан ол орман шаруашылығының 14 қызметкері сияқты (өрттен құрбан болғандардың – ред.) қатарында жоқ", – деді Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев. 

Еске салайық, кеше Абай облысында өрт басталғаннан кейін жоғалып кеткен орман шаруашылығының тағы бір қызметкерінің денесі табылды – Сергей Архипов тракторшы болып жұмыс істеген. Желіде 1987 жылы туған Сергей Николаевич Архиповтың Каштак ауылына "Семей орманы" Долон филиалынан өртті сөндіруге барғаны хабарланды. 

Ол соңғы рет 9 маусымда байланысқа шыққан.

14 маусым 2023, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.