Атырау, 30 қыркүйек 22:27
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Батыс аймақтар мен Түркістан облысында қатты ыстық болады

705 просмотра

Қазгидромет ел аумағында 14 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоғары қысымды өрістің әсерінен елдің басым бөлігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыста, солтүстік-шығыста, шығыста, қиыр батыста, күндіз ел орталығында фронтальды бөлімдердердің өтуімен найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында шаңды дауыл, солтүстігінде тұман сақталады.

«Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Түркістан облысвның шөлді аудандарында қатты ыстық күтілуде.

Атырау облысының оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады.

Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар», - деп жазды ведомство.

14 маусым 2023, 07:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.