Атырау, 30 қыркүйек 22:21
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Абай облысында өрт кезінде жоғалып кеткен тракторшының денесі табылды

836 просмотра

Абай облысында өрт кезінде жоғалып кеткен Долинский орманшылығының тракторшысы Сергей Архиповтың денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы марқұмның өгей қызы Альмира Баймұхамет хабарлады. Жағдайға қатысты полиция пікір білдірді. 

“Абай облысының полицейлері 10 маусымда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны Сергей Николаевич Архиповтың іздеу іс-шараларын жүргізу барысында, өртті сөндіру орнынан 50 шақырым жерде зорлық-зомбылықпен өлімнің сыртқы белгілері жоқ мәйітін тапты.

Ер адамның денесі қызметтік иттің көмегімен табылды. Ол Абай облысы ПД-нің кинологиялық есебінің құрамында жұмыс барысында сигнал беріп, трактор табылған жерден орман жолағына дейін ер адамның жолымен жүрді.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды”, – делінген хабарламада. 

Абай облысындағы өртті өшіру үшін Архипов бірнеше күн бұрын трактормен шығып, хабарсыз кеткен еді.

13 маусым 2023, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.