Атырау, 25 қараша 16:16
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ғарыш қыздары

2 581 просмотра

Атыраудағы ағылшын тілін тереңдете оқытатын техникалық гимназияның оқушылары ГаухарЗАЙДЕНОВА мен Аяжан ЖОЛДАСҚАЛИ ғарыштық зерттеулер бойынша ІХ Халықаралық ғылыми байқаудың жүлдегерлері атанды.

Гаухар ЗайденоваГаухар Зайденова«Депрессаторлық қосылыс-тардың синтезі, мұнай және мұнай өнімдерінің физика­химиялық қасиеттерін жақсарту мүмкіндіктері және оларды зымыран отыны ретінде пайдалану» ­- міне, он бірінші сынып оқушысы Гаухар Зайденованың жұмысы осылай аталады. Ал егер, қарапайым тілмен жеткізсек, атыраулық оқушы минус60 градус салқындықта қасиетін жоймайтын зымыран отынының жаңа формуласын тапты. Қазылар құрамындағы ресейлік ғалымдар жұмысқа қызығушылықтарын білдірді. Байқаудан кейін барлық қатысушыларға жұмыстарын қайтарды, ал Гаухардың жұмысын тереңірек зерделеу үшін өздеріне алып қалды. Гаухар енді өз жұмысын патенттегісі келеді.

Қызымыз химиямен 8-­сыныптан бері әуестеніп жүр,қалалық және облыстық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Оқушысының осы әлеуетін байқаған химия және биология пәнінің мұғалімі Гүлшат ХАЙРДЕНОВА бірден халықаралық байқауларға қатысуды жөн көрді. Тақырып бәсекелестіктің, әсіресе, ресейліктер тарапынан мықты болатынын ескеріп, мұқият таңдалды.

Аяжан ЖолдасқалиАяжан ЖолдасқалиМенен бұрын ешкім зерттемеген тақырып тапқым келді, - дейді Гаухар. Аянбай еңбек етуге де тура келді, ­ АМӨЗ-­де зерттеулер жүргізді, күні-түні кітапханалар мен интернет-­ресурстарда ізденіп, Қазақстанда жоқ басылымдарды шетелге тапсырыс беріп алдырды. Кейбір ғылыми еңбектерді ағылшын тілінен аударуға тура келді. Барлығына екі жыл уақыт кетті. Алайда еңбегі еш болмады. Гаухар «Энергетика және отын химиясы» секциясынан екінші орын алып, ҰБТ­ға қатыспай­-ақ, қазақстандық кез келген жоғары оқу орнына түсу құқығын беретін сертификат және Ресейдің бірнеше техникалық жоғары оқу орындарынан шақыртулар алды. Ата-­анасымен ақылдаса отырып, (әкесі - ғылым кандидаты, бірақ физик, осыдан болар, әкесі екеуі қай ғылым қызықты, физика ма, химия ма деп үнемі дауласады), Гаухар қазақстандық жоғары оқу орны - ҚБТУ­-ды таңдады. Ал әрі қарай білімін шетелде жалғастыратын ойы бар.

Оның командалас досы 10-сынып оқушысы Аяжан Жолдасқали Гүлзия БЕЙСЕМБЕКОВАНЫҢ жетекшілігімен «Космостық биология және медицина» секциясында үшінші орын алды. Ғарышта денсаулықтары мықты деген ғарышкерлердің өзінде де проблемалар пайда болады: қысымы, температурасы көтеріледі. Сондықтан да «ғарыштық медицина» деп аталатын арнайы бағыт бар, ал Аяжан мұны жерде қолдану жолдарын іздеуде. Ол да ҰБТ тапсырмай-­ақ, елдің кез келген оқу орнына түсу құқығына қол жеткізді.

-­ Осындай престижді байқауда жеңіске жету, шын мәнінде, тек біздің гимназия емес, бүкіл облыс үшін маңызды оқиға,- дейді сенімділікпен техникалық гимназияның директоры София ӘЛІБАЕВА.

Байқоңырда өтіп жатқан байқаудың барлық қатысушыларымен бірге екі қыз да Космонавтика музейінде, «Буран» орбитральды кораблінде, академик С.П. Королевтың үйінде және Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуға дайындалған үйшігінде болды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суреттерді түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

18 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.