Атырау, 30 қыркүйек 22:21
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Марат Ахметжанов өрттің пайда болу нұсқаларын атады

1 019 просмотра

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов «Семей орманы» резерватындағы өрттің шығуы нұсқаларын атады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Тергеу жүріп жатыр, өртті қасақана қойды деген нұсқа бар. Іс арнайы прокурорлардың өндірісіне қабылданды. Осы топта ІІМ қызметкерлері бар, тергеуді көрейік. Өрттің шығуына немқұрайлылық танытқан немесе найзағай түсуі мүмкін деген де нұсқа бар. Сараптамалар мен іздестіру іс-шаралары жүргізіледі. Тергеуге 2 ай уақыт берілді», - деді Марат Ахметжанов.

Ол «Юрий Ильинге қатысты жеке іс немесе тексеру жүргізіле ме» деген сұраққа да жауап берді.

«Президент Бас прокурорға тапсырма берді, оның аясында тексеру жүргізіледі. Өрт фактісі - бұл төтенше жағдай, адамдар қаза тапты, сондықтан қылмыстық іс аясында тексеру болады. Неліктен уақытылы шара қолданбады? Мүмкін, немқұрайлылық. Қызметтік міндеттерін орындамау», - деді министр.

13 маусым 2023, 13:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.