Атырау, 20 ақпан 02:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.17
€ 576.63
₽ 6.38

Абай облысындағы өртке байланысты Даниал Ахметов жауапқа тартыла ма?

653 рет қаралды

Роман СКЛЯР бұл оқиғаға премьер-министрдің бірінші орынбасары ретінде өзі де жауапты екенін айтты, деп хабарладйы informburo.kz.

Журналистер үкімет кулуарында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдан Абай облысындағы өртке жауаптылар туралы сұрады.

 "Абай облысы құрылғанға дейін ол өңірді Даниал Ахметов басқарды. Оның жауапкершілігі тексеріле ме?" – деп сұрады журналистер.

"Семей орманы" қорығы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің құзырында. Бұл оның құзыретіне кірмейді", – деп жауап берді Роман Скляр.

Сонымен қатар ол бұл оқиғаға премьер-министрдің бірінші орынбасары ретінде өзі де жауапты екенін айтты.

"Әрине, мен өзім жетекшілік ететін барлық салаға жауаптымын", – деді Роман Скляр.

13 маусым 2023, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.