Атырау, 30 қыркүйек 22:32
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Jusan Bank тобы қазақстандық юрисдикцияға қайтарылды

778 просмотра

Jusan Bank тобы қазақстандық юрисдикцияға қайтарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2021 жылы жоспарланған іс-қимылдар нәтижесінде Jusan Bank және телекоммуникация, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардың бірқатар басқа да ірі активтерін қамтитын Jusan тобы шетелдік юрисдикцияға шығарылды. Қазақстан үкіметі іс жүзінде топқа бақылауды жоғалтты.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп қабылдаған шаралардың нәтижесінде Jusan тобы қазақстандық юрисдикцияға қайтарылды. Қажетті құжаттарға қол қойылды.

Топ Қазақстан заңнамасына сәйкес, Үкіметтің және басқа да мемлекеттік құрылымдардың бақылауымен жұмыс істейтін болады.

Jusan Bank қазақстандық білім беру ұйымдарын қаржыландыруды жалғастыру бойынша міндеттемелерді өзіне алды.

Банк бұрын алған мемлекеттік көмек мерзімінен бұрын қайтарылады. Мемлекет басшысының шығарылған активтерді қайтару туралы тапсырмаларын іске асыру жалғастырылатын болады.

13 маусым 2023, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.