Атырау, 27 қараша 22:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Спорт жаңалықтары

1 414 просмотра

11 маусымда Батумиде шахматтан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты аяқталды. Оған 35 елден 426 шахматшы қатысты. Атыраулық спортшы Зарина Нұрғалиева «рапид» санатында күміс, «блиц» бойынша алтын алқа жеңіп алды. Ол үшінші рет әлем чемпионы атанды.

Заринаны жарысқа жеке жаттықтырушы – халықаралық дәрежедегі спорт шебері Жәнібек Аманов пен облыстың аға жаттықтырушысы Сабырбай Ғайсин дайындады.

* * * * *

Атыраулық «Қайсар» спорт клубының командасы Ақтау қаласында өтіп жатқан ҚР ХІІ универсиадасы аясында WKF каратэ сайысында сәтті өнер көрсетті.

2 алтын, 1 күміс және 2 қола алқа жеңіп алды. АМУ студенттері Нұрбек Кенжебай (67 келіге дейін), Ұлмекен Жалғас (68 келіден жоғары), Нұрсұлтан Қалиев (60 келіге дейін) ерекшеленді; ката мен кумитеде екі алқаны Гүлзада Өтегенова (61 келіге дейін) жеңіп алды.

13 маусым 2023, 01:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.