Атырау, 30 қыркүйек 22:20
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Қазақстанда мобильді аударымдар тексерілуде

826 просмотра

Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру жұмыстары басталғанын мәлімдеді. Уақыт өте тексеріс жүргізілетін азаматтар санаты толыға түспек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бүгінгі таңда мобильді аударымдар ыңғайлы қаржы құралына айналған. Дегенмен кәсіпкерлер аударымдар арқылы салық төлеуден жалтарып кетуі мүмкін. Себебі кей сатушылар төлемді тек аударым арқылы қабылдап, түскен пайданы есепте көрсетпейді. Сәйкесінше бұл үшін салық төлемейді деген сөз. 

Осыған байланысты 2023 жылдан бастап Мемлекетік кірістер комитеті банк деректеріне сәйкес кәсіппен шұғылдану белгілері бар азаматтар жайлы ақпарат алады. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайларының мобильді аударымдарына сараптама жүргізілуде. 

Айта кетері,  комитет барлық азаматтарды тексере бермейді. Тек үш айда есепшотына 100-ден аса адамнан ақша түскен жеке тұлғалар ғана тексеріледі. Алдағы уақытта мұндай азаматтар санаты өсе түспек. 

2024 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлермен қатар мемлекеттік мекеме, квазимемлекеттік құрылым қызметкерлері мен олардың жұбайлары тексеріледі. Ал 2026 жылы тізімге жеке кәсіпкерлер, заңды тұлға иелері мен олардың жұбайлары қосылады. 2026 жылдан бастап Қазақстанның өзге азаматтары тексеріледі. 

12 маусым 2023, 13:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.