Атырау, 30 қыркүйек 22:29
 ашықВ Атырау +19
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

​Абай облысындағы орман өртін сөндіруге кеткен тағы бір адамға іздеу салынды

559 просмотра

Абай облысындағы орман өртін сөндіруге кетіп, із-түзсіз жоғалған тағы бір адам іздестіріліп жатыр. Бұл ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Егер сізде С.Н.Архиповтың орналасқан жеріне қатысты қандай да бір ақпарат болса, онда «102» нөміріне немесе жақын маңдағы полиция бөлімшесіне хабарласуыңызды өтінеміз», - делінген Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Департамент мәліметінше, тұрғынды іздеу іс-шараларына ведомствоның жеке құрамы жұмылдырылған. Сонымен қатар оның тракторын табу үшін әуеден де шолу жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Instagram-дағы парақшалардың бірінде Сергей Архипов облыс аумағындағы өртті сөндіруге көмектесу үшін тракторымен шығып кетіп, із-түзсіз кеткені туралы ақпарат тарады. Ол соңғы рет 9 маусым күні хабарға шыққан.

12 маусым 2023, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.