Атырау, 19 сәуір 23:57
 ашықВ Атырау +27
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Әйелдер вагоны тағы үш танымал бағытта пайда болады

720 просмотра

Қазақстанда әйелдер вагоны тағы үш бағдар бойынша қатынайтын болады , - деп хабарлайды Tengritravel.kz "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелдер вагондарына сұраныстың артуына байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ қозғалыс географиясын кеңейтуді жалғастырады.

"Мұндай вагондар №3/4 "Астана - Алматы", №33/34 "Алматы - Ақтөбе" және №71/72 "Астана - Шымкент" бағытындағы үш пойыздың құрамына енгізіледі", - делінген хабарламада.

 Пилоттық режимде бұл қызмет 2021 жылы енгізілген. Әйелдер вагондарындағы қозғалыс жайлылығын бірінші болып No77/78 "Алматы - Маңғыстау" және No351/352 "Алматы - Өскемен" пойыздарының жолаушылары бағалады. 2022 жылдың ақпан айынан бастап компания әйелдер вагондарының санын арттырды. Олар No37/38 "Маңғыстау - Семей", No47/48 "Астана - Атырау" және No45/46 "Павлодар - Түркістан" пойыздарының құрамында жүре бастады.

9 маусым 2023, 16:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.