Атырау, 1 қазан 00:35
 ашықВ Атырау +19
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

"Дикий Арман" азаптау дерегіне қатысты сотта жеңіп шықты

928 просмотра

Арман Жұмагелдиев азаптау дерегіне қатысты әскерилерге қарсы сотта жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Арман Жұмагелдиевтіңсотта жеңгені туралы адвокат Олег Чернов мәлімдеді. 

"Ол (Дикий Арман) азаптау және құқық қорғау органдарының өзге заңсыз әрекеттеріне қатысты сотта жеңе алды. Бүгін бұл туралы біліп, қатты қуанды. Заң ол үшін жұмыс істемейтінін, бірақ бүгін таңғажайып оқиғаның болғанын айтты", – деп жазды Олег Чернов. 

Еске салайық, сот Арман Жүмагелдиевті қамауда ұстау мерзімін 7 тамызға дейін созған еді. Оған Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда 24 адамды ұрлады деген айып тағылған. Тергеу мәліметтеріне сәйкес "Дикий Арманға" ҰҚК қызметкерлері тапсырма беріп отырған. 

9 маусым 2023, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.