Атырау, 1 қазан 00:30
 ашықВ Атырау +19
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Мерзімді әскери қызметін өтеп жүргендердің несиесі кейінге шегеріледі

688 просмотра

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасы әзірленгенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомство хабарлауынша, жоба банктік қарыз шартының/микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу үшін негіздер тізбесін және кредиттер бойынша міндеттемелерді орындаудың кешіктірілу себептерін растайтын құжаттар тізімін айқындауды көздейді.

«Жобалар мерзімді әскери қызметін өткеріп жатқан қарыз алушыларға қызметті өткеру мерзіміне кредиттер бойынша кейінге қалдыру беруді көздейді және банктер мен микроқаржы ұйымдарының Агенттікке кредит беру талаптарын өзгертуге өтініш білдірген қарыз алушылардың өтініштерін қарау нәтижелері туралы статистикалық ақпарат беру міндетін белгілейді», - деп атап өтті агенттік өкілдері.

Берілген түзетулер азаматтардың мерзімі өткен берешегін реттеу бойынша банктер мен микроқаржы ұйымдары жұмысының тиімділігін арттыру және қарыз алушыларға төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге және кредитор алдындағы өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндік беру мақсатында әзірленді.

Қаулы жобасының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

9 маусым 2023, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.