Атырау, 1 қазан 00:21
 ашықВ Атырау +19
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Қазақстанда ХҚКО-лар бірқатар қызмет түрін уақытша тоқтатады

983 просмотра

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Қазақстандағы халыққа қызмет көрсету орталықтары 9 маусымнан бастап кейбір қызметтерді көрсетуді тоқтататынын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ішкі істер министрлігі жағындағы техникалық жұмыстарға байланысты 9 және 10 маусымда еліміздің барлық халыққа қызмет көрсету орталығында мынадай қызметтерге өтініштерді қабылдауды уақытша тоқтатады:

  • Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету;
  • Жұмыс істеуге келген иммигрантқа рұқсат беру, ұзарту және қайтарып алу;
  • Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша тұруға рұқсат беру;
  • Қазақстан Республикасынан тұрақты тұруға кетуге құжаттарды ресімдеу.
9 маусым 2023, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.