Атырау, 1 қазан 00:37
 ашықВ Атырау +19
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт өзгеретінін ескертті

475 просмотра

Казгидромет" РМК мәліметіне сәйкес, 9 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт құбылып, найзағай ойнап, бұршақ түседі, шаңды дауыл тұрады, қатты ыстық болады деп болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Ақмола облысының шығысында, оңтүстігінде қатты жауын-шашын болады.

Таңертең және түстен кейін Қостанай облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Қостанайда найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, шаңды дауыл тұрады деп болжанады. Күндіз облыстың шығысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 20 м/с дейін жетеді, облыстың орталығында және Жезқазғанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Астанада күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ түседі, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 17-22 м/с. Өрт қаупі жоғары.

Күндіз Түркістан облысының тауларында да күн күркіреп, найзағай ойнайды деп болжанады.

Күндіз Абай облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды деп күтіледі, батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде қатты ыстық болады, сынап бағаны +38°С дейін көтеріледі. Күндіз Семейде найзағай болады деп күтіледі. Күндіз батыстан соққан желдің найзағай кезінде екпіні 20 м/с құрайды, төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында және Ақтөбеде 11 маусымға дейін төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп болжанады.  Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде күн қатты ысиды: +35°С. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде синоптиктер аракідік жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл болады деп болжайды. Күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде бұршақ түседі, шаңды дауыл болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде түнде солтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда күндіз найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында найзағай ойнайды деп күтілуһеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойысса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз күн қатты ысиды, ауа температурасы: +35...+37°С. Облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Өскеменде сынап бағаны +35...+37°С дейін көтеріледі деп күтіледі.

9 маусым 2023, 07:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.