Атырау, 1 қазан 00:28
 ашықВ Атырау +19
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Алматыда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

890 просмотра

Алматыда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мәліметінше, 8 маусым күні рейске шығатын пойыздарды тексеретін Алматы-2 теміржол стансасының техникалық паркінде маневрлік жұмыстарды орындау кезінде вагондардың бірінің қос доңғалағы шығып кетті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Пойызда жолаушылар болған жоқ.

«Жолға шығатын пойыздың орнына жедел басқасы ұйымдастырылып, кесте бойынша жөнелтілді.Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды»,-деп хабарлады «Қазақстан темір жолы».

8 маусым 2023, 22:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.