Атырау, 19 сәуір 18:40
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Жигули Дайрабаевты "үйді заңсыз иемденіп алды" деп айыптаған азамат сотта жеңіске жетті

622 просмотра

7 маусымда Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық соты депутат Жигули Дайрабаевты "жер үйді тартып алды" деп айыптаған Саит Рузиевтің арызын қанағаттандырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұған дейін әлеуметтік желіде Жамбыл облысындағы Мерке ауылының тұрғыны видео жариялап, 140 миллион теңгелік үйін Жигули Дайрабаев "заңсыз тартып алды" деп мәлімдеген. Айтуынша, Дайрабаев сот процесіне араласып, үйді өз атына рәсімдеп алған. Ал баспана ұжымдық басқаруда болғандықтан, Дайрабаевқа келісімсіз берілмеуі керек еді дейді. 

"Сот Саит Рузиевтің шағымын қанағаттандырып, оның бұрынғы әйелі Рузиева мен депутат Дайрабаев арасындағы сату-сатып алу келісімшартының күшін жойды. Сонымен қатар үйді ортақ мүлік деп танып, Саит Рузиевтің үлесін заңға сәйкес белгіледі", – деп жауап берді тілшімізге аудандық сот өкілдері. 

Ауған соғысының ардагері Саит Рузиев бірнеше жыл бойы үйді Жигули Дайрабаевқа сатып жіберген әйелімен соттасып келген. Сөзінше, бұрынғы әйелі оның келісімін алмай, жалған құжаттар дайындап, жер үйді Жигули Дайрабаевқа сатып жіберген. 

Көп ұзамай Жигули Дайрабаев өзін "жер үйді тартып алды" деп айыптағандарға жауап беріп, мұны жоққа шығарған еді. Депутат нотариус арқылы жасалған келісімшарттың заңды екенін алға тартып, үй иелерінің құқығы сақталғанын мәлімдеді. 

"Ақша талап етіп жүрген азаматты танымаймын да. Білуімше, ол – үй сатқан әйелдің бұрынғы жұбайы (ажырасқан). Ерлі-зайыптылардың арасына кірісетін адам емеспін. Ол азамат менің осы лауазымымды пайдаланып, бопсалау жолын таңдаған. Айта кетейін, мұндай әрекет бірінші рет емес. Осыдан біраз уақыт бұрын мені кінәлаған адам мені қаралаған үшін соттың шешімімен жазаланып, айыппұл төлеген болатын. Бұл әрекетін тоқтатпаса қайтадан сотқа жүгінуіме тура келеді", – деді ол. 

Еске салайық, Жамбыл облысында тұрғындар мәжілісмен Жигули Дайрабаевтың мыңдаған гектар жерді кепілге қойып, банктерн миллиардтаған теңге несие алғанын мәлімдеген еді.  Ал депутаттың өзі несие алған компанияда 5 жыл жұмыс істегенімен, жер мәселесіне мүлде қатысым болмады, деп жауап берді. 

8 маусым 2023, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.