Атырау, 1 қазан 00:26
 ашықВ Атырау +19
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Пойыз кешіккен жағдайда төленетін өтемақы мөлшері қандай?

611 просмотра

Қайтарылған сома жол жүру құжатының құнынан аспауы керек, деп хабарлайды informburo "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пойыз кешіккен әр сағат үшін жолаушыға жол жүру құжаты құнының 3 пайызын қайтарады. Қайтарылған сома жол жүру құжатының құнынан аспауы керек.

"Егер 6 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушылар вагон-мейрамханаларда тегін тамақтана алады. Жол жүру жағдайларының өзгеруі мен пойыздардың 2 сағаттан астам кешігуі туралы жолаушыларға SMS хабарлама жолданады. Сондай-ақ, техникалық және технологиялық мүмкіндіктерді ескере отырып, тамақтану орындарының, сауда нүктелерінің санитарлық аймақтардың үздіксіз жұмыс істеу бақыланады" – делінген хабарламада.

Вокзалда жолаушыларға ақпарат беру бойынша 1433 анықтама телефоны жұмыс істейді. Сондай-ақ, жол жүру құжаттарын қайтару бойынша +7 707 270 36 64 телефонына хабарласуға болады.

8 маусым 2023, 09:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.