Атырау, 26 қыркүйек 05:20
 ашықВ Атырау +23
$ 473.98
€ 504.03
₽ 4.93

«Ембімұнайгаз»: «...Сатып алу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады»

4 132 просмотра

«Ембімұнайгаз» АҚ-да өткізілетін сатып алулар заңдылығына күмән келтірілген БАҚ-тарда пайда болған жарияланымдарға байланысты мыналарды хабарлаймыз: «Ембімұнайгаз» АҚ-дағы сатып алулар процедуралары «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. «Ембімұнайгаз» АҚ-да өткізілетін тендерлер мен олардың нәтижелері туралы ақпараттың ашықтығына, қойылатын техникалық ерекшелік талаптарына сай келетін барлық ықтимал мердігерлердің тендерге қатысу қолжетімділігіне қатысты регламенттің барлық тармақтары мүлтіксіз орындалады.

Жарияланымдарда «Ембімұнайгаз» АҚ-да 2010-2011 жылдары жарияланған бірнеше тендер аталып өткен. Қазір осы тендерлерді өткізуге және жасалған келісімшарттардың нәтижелері бойынша ұсынылған қызмет сапасына бақылау жасауға жауапты өкілетті тұлғалардың әрекеттерінің заңдылығын ҚМГ БӨ ішкі аудит қызметі мен тиісті құзырлы органдар бағалауда. 

Қазіргі уақытта Атырау облыстық Қаржы полициясының департаменті «Ембімұнайгаз» АҚ-на тексеру жүргізіп жатқанын, оның нәтижелерінің кейінірек жарияланатындығын айта кеткен жөн деп есептейміз».

«Ембімұнайгаз» АҚ  баспасөз қызметі

17 сәуір 2013, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.