Атырау, 23 желтоқсан 07:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қорғаныс министрі әскердегі суицидке қатысты жауап берді

Бейнежазба
951 рет қаралды

Бүгін Мәжіліс алаңында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстан әскеріндегі суицид және әлімжеттік тақырыбына қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Журналистер Жақсылықовтан жастардың неге әскерге барғысы келмейтінін сұрады. Министр "мәселе олардың дұрыс тәрбиеленбеуінде" деп жауап берді. Тілшілер қауымы оған қарсы: "бәлкім әскердегі қатаң тәртіп пен әлімжеттік, ұрып-соғу, одан қалса өз-өзіне қол жұмсап жатқандардың кесірінен шығар", деп қайта сұрақ қойды. Министр оларға күліп:

"Өмір деген - жизнь. Өмірде бәрі болуы мүмкін. Бір айтарым: адамдармен жұмыс істейтін адам бұл өмірде ешнәрседен сақтандырылмаған. Бірақ Қарулы Күштердің басшылығы одан құтылу үшін барлық шараларды қолдануда», - деп жауап берді.

7 маусым 2023, 17:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.