Атырау, 12 қаңтар 11:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі айда 40-тан аса қару-жарақ тәркіледі

607 рет қаралды

Сәуір және мамыр айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция және прокуратура органдарымен бірге қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар жедел іздестіру шараларын жүргізді. Табылған қару-жарақтың ішінде Қаңтар кезінде ұрланғандары да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нәтижесінде 42 қару («МР-40» автоматы, «Драгунов» снайперлік винтовкасы, 22 мылтық, 18 тапанша), 8 граната, РПГ-ның 2 снаряды, 4051 түрлі калибрлі оқ-дәрі, сонымен қатар броньды қорғаныс кеудешелер, автоматтардың оқжатары, радиостанциялар және пышақтар тәркіленді.

Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Заңсыз айналымда жүрген қару-жарақты іздестіру мен тәркілеу іс-шаралары жалғасуда.

photo
photo
photo
photo
photo
photo
photo
photo
photo
7 маусым 2023, 09:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.