Атырау, 25 қараша 16:49
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жоғалған болмыс

1 826 просмотра

Соңғы жылдары Атырау қабылдау-бөлу орнында жұмыс азайып кетті. Қала көшелері мен жылу трассаларында жүретін қаңғыбастар жоғалған. Өмір сапасы өсіп жатыр, бұдан артық не керек, - дейді полиция қызметкерлері...

Қабылдау-бөлу орнының бастығы Өмірбек МЕҢДІҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, жыл басынан бері рейдтердің нәтижесінде қабылдау-бөлу орны арқылы 351 адам өткен. Олардың ішінде 5 атыраулық және Қазақстанның өзге қалаларының 15 тұрғыны бар, қалғандары - Өзбекстаннан келгендер. «Классикалық» қаңғыбастар деп тек осы 20 қазақстандық турасында ғана айтуға болады.

- Қала халқының арасында көшедегі қаңғыбастардың көшелерден жоғалу себебі барлығын өз еріктерінен тыс қала сыртына шығарып тастаған деген әңгіме бар.

- Не айтып тұрсыз!? Бұл мүмкін емес. Астанада болар, бірақ бізде емес. Олардың неге жоқ екенін түсіндірейін. Мұндай адамдар – саяжайлар мен бақшалардың иелері үшін таптырмайтын еңбек күші. Олар баспана мен тамақ үшін жұмыс жасап, мүліктерін күзетуге дайын. Көптеген адамдар бұларды мал бақтыруға алады, - дейді Ө. Меңдіғалиев.

Әрине, мұндай мүсәпір жандардың қандай таптырмас күш болатынын кім білсін, алайда жергілікті тұрақты мекен-жайы жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығында соңғы жылдары шынымен бос орындар көп. Орталық директоры Өміржан ЖҰМАНИЯЗОВТЫҢ айтуынша, бүгінгі күні мұнда 31 адам – 28 еркек және 3 әйел бар. Бұлардың барлығы мұнда әр уақытта қабылдау-бөлу орнынан келген екен.

Қаңғыбас үшін ең қауіпті жыл мезгілі –қатал қыс екені баршаға белгілі. Біздің өңірімізде қыс уақытында қанша танылмаған мәйіттер табылып, жерленгені жөнінде еш нәрсе анықтай алмадық. Сот медициналық сараптамада бізге түсіндіргендей, ақпараттар тек ІІД рұқсатымен ғана жарияланады.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

18 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.