Атырау, 1 қазан 02:31
 ашықВ Атырау +19
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Оқу министрі: Енді оқушылар шетелдік олимпиадаларға білім басқармасының бұйрығымен ғана жіберіледі

565 просмотра

Ғани Бейсембаев оқушылардың қауіпсіздігі үшін министрлік бірқатар шара қабылдап жатқанын айтты, деп хабарлайды informburo.kz.

Енді ата-аналар баласын халықаралық байқаулар мен шетелдік олимпиадаларға қатыстыру үшін білім басқармасының бұйрығын алуы керек. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.

Үкімет кулуарында журналистер министрден Қырымдағы лагерьге барып-келген оқушылар мен осы мәселеге қатысты министрлік қабылдаған шаралар стуралы сұрады.

"Балалардың бәрі аман-есен елге оралды. Қазір ата-аналарының жанында. Бұл ата-аналардың өз еркімен жасалған дүние. Ары қарай да осындай мәселелерге жол бермеу үшін білім басқармасының бұйрығынсыз және министрліктің балалардың құқығын қорғау комитетінің рұқсатынсыз балаларды шетелге жіберуге жол бермеу мәселесі қолға алынып отыр", – деді министр.

6 маусым 2023, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.