Атырау, 1 қазан 02:25
 ашықВ Атырау +19
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Мемлекет басшысы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Самал Еслямованы қабылдады

912 просмотра

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актриса Самал Еслямованы қабылдады, деп хабарлайды Akorda.kz. Кездесу барысында отандық театр өнері және кинематография саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Президент қоғамның рухани дамуында театр мен кино маңызды рөл атқаратынына тоқталып, аталған салаларға мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетіліп жатқанына назар аударды.

Мемлекет басшысы отандық фильмдерде тарихымызды, мәдениетімізді дәріптеуге, жастардың бойында патриотизм сезімін қалыптастыруға, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттауға баса мән беру қажет екенін атап өтті.  

Өз кезегінде Самал Еслямова Президентке өзінің  алдағы шығармашылық жоспары, отандық өнер саласын дамытуға қатысты ұсыныстары туралы айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт мәдениетін танытуға үлес қосып келе жатқаны үшін актриса Самал Еслямоваға алғыс айтып, шығармашылық табыс тіледі.

5 маусым 2023, 20:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.