Атырау, 23 қараша 04:37
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Маргарет Тэтчерді жерлеу рәсімі өтіп жатыр

2 691 просмотра
Лондонда бүгін Маргарет Тэтчерді жер қойнына тапсырады, деп хабарлайды BBC

Бұрынғы британ үкімет басшысы 88 жасында 8 сәуір күні инсульт салдарынан қайтыс болған еді. Тэтчер 1979-1990 жылдар аралығында үкімет басқарып, Британия тарихында ел басқарған жалғыз әйел адам ретінде қалып отыр.

Оның денесі салынған табыт Весминистр сарайындағы Әулие Мария шіркеуінде түні бойы тұрды. Кеше кешке марқұмның туыстары, екі парламент  палаталарының өкілдері, және Маргарте Тэтчердің Даунинг стриттегі резиденциясындағы жеке қызметкерлері қатысуымен діни қызметкерлер қысқа рәсім жасады.

Оны жерлеу рәсімі әскери салтанатымен болса да мемлекеттік дәрежедегі жерлеу рәсімінен бір саты төмен.

Бұған дейін дүйсенбі күні таңертең Лондонда әскери жосық бойынша бұрынғы үкімет басшысымен  қоштасу рәсімі тағы бір рет пысықталған еді. Сәрсенбі оның денесі салынған табыт катафалкаға тиеліп, ол Вестминистр сарайынан Стрэндтегі Әулие Клемент шіркеуіне қарай бет алады. Онда табыт зеңбірек ұстынына қойылып, соңынан ерген қаралы топпен Әулие Павел шіркеуіне қарай аяңдайды. Көшенің екі бетінде де британия армиясының әскерилері - флоттың, әскери-әуе күштерінен 700 – ге жуық адам сап түзеп тұрады. Қайғылы шара аяқталған соң мәйіт өртеледі. Оған тек марқұмның етжақын туыстары ғана қатысады. Премьер-министрдің аппаратындағылар, барлық дайындық марқұмның туыстарының айтқаны бойынша жасалып отыр дейді. Жерлеуге жиыны 200-ге жуық адам ғана ресми шақырылған.

Оның ішінде Ұлыбритания ханшайымы Елизавета II және британия үкіметінің басшысы Дэвид Кэмерон бастаған үкімет құрамы түгелімен қатысады, деп күтілуде.

Осы шараға Қазақстандық делегацияны Премьер-министрдің бірінші орынбасары, Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев бастап барады.

1965 жылы Уинстон Черчилль қайтыс болғандағы бақұлдасудан кейін ағылшын ханшайымы бірінші рет британдық саясаткердің жерлеу рәсімінен қатыспақ. Биг-Бен алып сағаты Маргарет Тэтчер жерлеу кезінде қоңырау соғуын тоқтата тұрады. Палата спикері Джон Беркоудің айтуына қарағанда бұл бұрынғы атақты үкімет басшысының қайтыс болуына өздерінің қайғырғандықтарын білдіретін ишара болмақ.

Дереккөз: bnews.kz
17 сәуір 2013, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.