Атырау, 1 қазан 02:31
 ашықВ Атырау +19
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Ашаршылық туралы "Қаш" фильмі Шанхай халықаралық кинофестиваліне өтті

553 просмотра

Қытайдың ең ірі кинофестивалі 9-18 маусым аралығында өтеді, деп хабарлайды informburo.kz.

Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітовтің "Қаш" дебюттік фильмі Шанхай халықаралық кинофестивалінің 25-ші мерейтойлық байқауына өтті.

Фильм Азиядағы жаңа таланттарға берілетін "Asian New Talent" санатына ұсынылып, Golden Goblet Awards марапатын алу мүмкіндігіне ие болды. Мыңдаған картиналар арасынан таңдалған үміткерлердің тізімі variety.com сайтында жарияланған.

Айта кетейік, Қытайдың ең ірі кинофестивалі 9-18 маусым аралығында өтеді.

Еске салайық, туынды 2022 жылы жарыққа шықты. Фильм екі ағайындының жеке оқиғасы арқылы 1931-1933 жылдардағы қазақ даласындағы жаппай ашаршылық трагедиясын баяндайды.

5 маусым 2023, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.