Атырау, 1 қазан 02:41
 ашықВ Атырау +19
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Қазақстан мұнай өндіру көлемін қысқартуды 2024 жылдың аяғына дейін жалғастырады

519 просмотра

ОПЕК+ 2024 жылдан бастап мұнай өндірудің жалпы көлемін тәулігіне шамамен 1,4 миллион баррельге, тәулігіне 40,46 миллион баррельге дейін қысқартады. Бұл туралы альянстың 4 маусымда өткен отырыс қорытындысы бойынша берген ресми мәлімдемесінде айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"ОПЕК-ке қатысушы елдер мен ОПЕК-ке кірмейтін елдер үшін жалпы мұнай өндіру деңгейін 2024 жылдың 1 қаңтарынан 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін тәулігіне 40,46 миллион баррельге дейін түзету", - делінген хабарламада.

ОПЕК+ қазірдің өзінде 2023 жылдың аяғына дейін тәулігіне 2 миллион баррельге, яғни тәулігіне 41,856 миллион баррельге дейін қысқартып жатыр. Ал 2024 жылға арналған мақсатты деңгей коммюникеге қоса берілген кестеге сәйкес тәулігіне 40,463 миллион баррель деңгейінде белгіленген. Демек, жаңа жылда төмендеу тәулігіне 1,393 миллион баррельге дейін болады.

5 маусым 2023, 09:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.