Атырау, 18 сәуір 22:35
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирін жалғастыра алмайды

545 просмотра

Pыбакина турнирдің үшінші раундында WTA рейтингінде 132-орында тұрған испаниялық Сара Соррибес-Тормомен ойнауы керек еді, деп хабарлайды informburo.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы, WTA рейтингінде төртінші нөмірлі теннисші Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирін жалғастыра алмайды.

"Ролан Гарростың" үшінші раундындағы матчта Рыбакина WTA рейтингінде 132-орында тұрған испаниялық Сара Соррибес-Тормомен ойнауы керек еді.

Әйелдер теннисі қауымдастығының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Елена респираторлық ауруға шалдығуына байланысты турнирді тоқтатамын деп шешкен. Бұл туралы Соррибес-Тормомен кездесу басталар алдында белгілі болды. Осылайша испандық теннисші 1/8 финалға шықты.

"Кеше мен өзімді нашар сезіндім. Температурам көтерілді. Таңертен жақсы болам ба деп едім, бірақ қазір де әлсіздік бар. Дене қызуым түспей жатыр. Мұндай жағдайда кортқа шығып ойнау қиын болады. Бапкерлермен ақылдаса келе жарыс жолынан шығуды жөн санадық", – деді Елена Рыбакина.

Оның айтуынша, аурудың белгілері – дене қызуы мен бас ауруы – екінші матчтан кейін сезіле бастаған.

"Жолым болмады. Тезірек сауығып кетуге тырысамын. Жоспар бойынша Берлин, Истбурн және Уимблдонда ойнау болды", – деді теннисші.

Ролан Гарростың алғашқы екі раундында Елена Рыбакина Чехия спортшылары Бренда Фрухвиртова мен Линда Носкованы жеңді.


3 маусым 2023, 22:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.