Атырау, 23 желтоқсан 09:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

SCAT әуекомпаниясына қатысты әкімшілік іс қозғалды

743 рет қаралды

SCAT әуекомпаниясының қызметкері 27 мамырдағы Қостанай - Анталья бағыты бойынша рейсіне мүгедектігі бар баласымен барған жолаушыларды мінгізбей қойған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азаматтық авиация комитеті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 571-бабын бұзғаны үшін SCAT әуекомпаниясына қатысты әкімшілік іс қозғады.

"Жолаушылардың барлық санатына, оның ішінде мүгедектігі бар жолаушыларға қызмет көрсету кезінде әдеп нормаларын сақтау қазақстандық әуекомпаниялардың жұмысында басымдық болуға тиіс екенін атап өтеміз. SCAT әуекомпаниясының ақпараты бойынша, жолаушыға келтірілген материалдық залал өтелді, жақын арада жолаушылар ұсынылған туристік жолдамаға сәйкес ұшуды жоспарлайды". Азаматтық авиация комитеті

Әкімшілік құқық бұзған SCAT әуекомпаниясының қызметкерлеріне қатысты тәртіптік шаралар қабылданады. Алайда бұған жол бергені үшін SCAT әуекомпаниясы да Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

3 маусым 2023, 18:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.