Атырау, 27 сәуір 03:02
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Тоқаев Анкараға жұмыс сапарымен барды

619 просмотра

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Nur.kz президенттің баспасөз қызметінің ресми телеграмм каналына сілтеме жасап.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен келген. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Түркия президентін ұлықтау рәсіміне қатысады.

Айта кетейік, жексенбі, 28 мамырда Түркияда президент сайлауының екінші кезеңі өтіп, сайлау қорытындысы бойынша қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайип Ердоған 52,14 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті. Кейін әлем көшбасшылары мен халықаралық ұйымдар Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтай бастады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Ердоғанды президент сайлауының екінші кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтады. Ал бүгін, Режеп Тайып Ердоған ресми түрде президенттік сайлаудың жеңімпазы деп танылды. Еске сала кетсек, Түркияда президент сайлауының бірінші кезеңі 14 мамырда өткен болатын. Алайда ол кезде кандидаттардың ешбірі 50 пайыз дауыс жинай алмаған еді. Ереже бойынша кандидат сайлауда жеңіске жету үшін сайлаушылардың 50 пайыздан астам дауысын жинауы тиіс.

3 маусым 2023, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.