Атырау, 23 сәуір 16:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Өзбекстанның лоукостер компаниясы 5 маусымнан бастап Алматы-Ташкент бағытында ұшады

552 просмотра

А–320 типті әуе кемелері аптасына 3 рет дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері ұшады, деп хабарлайды informburo.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті Өзбекстанның авиациялық билік орындарымен бірлесіп, Өзбекстанның "My Freighter" (Centrum Air) төмен бюджеттік әуе компаниясының Қазақстанға тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

"My Freighter" әуе компаниясы биыл 5 маусымнан бастап А–320 типті әуе кемелерінде аптасына 3 рейс жиілігімен (дүйсенбі, сәрсенбі және жұма) Алматы-Ташкент бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр.

"Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рейстер санының артуы елдер арасындағы сауда – экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді, сондай-ақ бәсекелестіктің артуына және авиабилеттер құнының төмендеуіне әсер етеді", – деп хабарлады Азаматтық авиация комитеті.

"My Freighter" өзбекстандық әуе компаниясы жолаушылар мен жүк рейстерін орындайды.

3 маусым 2023, 14:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.