Атырау, 23 желтоқсан 09:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

"Алтын орда" базары директорының орынбасары не үшін ұсталды?

920 рет қаралды

Полиция "Алтын орда" базары директоры орынбасарының ұсталуына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы Қарасай ауданының полиция қызметкерлері Алматы - Бішкек автожолында BMW автокөлігін тоқтатқан.

Тінту барысында автомобиль жолаушысынан ерекше иісі бар ақ ұнтақ зат тәркіленді, сондай-ақ басқа жолаушыдан МК-471С травматикалық тапаншасы тәркіленді.

"Қазір сот-химиялық сараптама тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Аталған деректер ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі және 296-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелді", - делінген полиция таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысындағы "Алтын Орда" базары директорының орынбасары ұсталғанын хабарлаған едік. Ол 2 маусымда қамауға алынған.

3 маусым 2023, 13:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.