Атырау, 23 сәуір 14:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Қазақстанның бес қаласында ауа сапасы нашарлайды

544 просмотра

Екі қалада қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың екінші дәрежесін ескертеді.

3 маусымда Өскемен, Риддер, Атырау, Алматы, түнде Астана қалаларында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды informburo.kz.

Астана: 3 маусымға қараған түні метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, қалада ауаның ластану деңгейі жоғарылайды деп күтіледі.

Алматы: 3 маусымда күндіз, 4 маусымда түнде метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, қалада ауаның ластану деңгейі жоғарылайды деп күтіледі.

Атырау: түнде ауада ластаушы заттардың шоғырлануына метеорологиялық жағдайлар ықпал етеді, қалада ауаның ластану деңгейі төмендейді деп күтіледі.

Өскемен, Риддер: метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етіп, атмосфералық ауаның ластану деңгейі жоғарылайды деп күтіледі, қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың екінші дәрежесін ескертеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды, яғни ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

3 маусым 2023, 08:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.