Атырау, 16 қазан 06:07
 ашықВ Атырау +9
$ 487.42
€ 531.39
₽ 5.04

Жүк салғыштағы олжа

2 372 просмотра

10 сәуірде «Бекіре-2013» оперативті-алдын алу іс-шараларының  (ОАІ) көктемгі кезеңі басталды. Бұл мамыр айының соңына дейін созылады.

ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, әкімшілік полиция, тергеу басқармасы, криминалдық, жол және су полициясының басшылары арасынан жұмыс тобы құрылды.

Балық қорғау инспекциясы, табиғат қорғау прокуратурасы, ЭСЖҚКД, Кедендік бақылау департаменті және ҰҚК шекара қызметтерімен бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленді.

Теңізде ІІД мен балық қорғау инспекциясының төрт бірлескен бекеті, Жайық пен Каспий теңізі жағалаулары бойындағы айналма жолдарда автокөліктердің қозғалысына бақылау жасайтын 21 мобильді топ, облыс автотрассалары бойына алты БТБ қойылды. Полициялар мен 5546 әскери бөлімінің сарбаздарынан қала шегінде өзен бойында кезекшілік атқаратын арнайы взвод құрылды.

«Бекіре-2013» кезінде автожолдарда, вокзалдар мен пойыздарда бақылау күшейтілетін болады.

ІІД-нің баспасөз қызметі операцияның алғашқы күніне есеп берді. 10 сәуірде су полициясы қызметкерлері Атырау-Дамбы автотрассасында Қызылбалық селосының тұрғыны жүргізген ВАЗ-21074 көлігі ұсталды, оның жүксалғышынан 160 кг қара балық табылды. Осы күні Атырау ықшамауданына кіретін жолда Шымкент қаласының тұрғыны жүргізген Van HOL автокөлігі тоқтатылды. Машинаны тексеру барысында 200 кгқаракөз табылды. Исатай аудандық ІІБ қызметкерлері Атырау – Астрахан тас жолында 24 жасар Атырау қаласының тұрғыны жүргізген ВАЗ-21703 көлігін ұстады, оның жүксалғышынан 60 кг қызыл балық табылды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

18 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.