Атырау, 25 сәуір 12:29
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Таныстарын заңсыз жұмысқа алған". "ӨзенМұнайГаз" компаниясы бас директорының орынбасары ұсталды

780 просмотра

Оның қылмыстық әрекеттерінің кесірінен мемлекетке 46 миллион теңге көлемінде залал келтірілген, деп хабарлайды informburo.kz.

 "ӨзенМұнайГаз" АҚ бас директорының орынбасары Бауыржан Мәмбетсапаев ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің  баспасөз қызметі хабарлады.Тергеу департаментінің мәліметінше, ол "Өзенмұнайгаз" АҚ-на жұмысқа орналасудың қолданыстағы тәртібін бұзып, қандай да бір жұмысты жүзеге асырмай жалақы есептелген таныстарының арасынан бірнеше адамды заңсыз жұмысқа қабылдаған.

"Қылмыстық қудалау органы Мәмбетсапаевқа онымен афиллирленген адамдардың жұмыссыздар қатарында болмағаны, халықтың әлеуметтік осал топтарына жатпағаны және тіпті бейінді білімі болмағаны анықталған. Оның қылмыстық әрекеттерінің кесірінен мемлекетке 46 миллион теңге көлемінде залал келтірілген. Сондай-ақ жаңаөзендіктердің кәсіпорынға жұмысқа орналасу құқығы өрескел бұзылған" – делінген хабарламада.

Тергеу барысында Мәмбетсапаевтың құқыққа қайшы қызметінің басқа да эпизодтары, сондай-ақ компанияның лауазымды тұлғалары мен мердігер ұйымдардың тарапынан бюджет қаражатын ұрлау фактілері тексеріледі.

"Тергеу шаралары жалғасып жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді", – делінген хабарламада.

2 маусым 2023, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.