Атырау, 1 қазан 02:37
 ашықВ Атырау +19
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Тоқаев жұмыс сапарымен Қырғызстанға келді

636 просмотра

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық Одақ басшыларының екінші кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Ата (Қырғызстан) қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Ақорда. 

Мемлекет басшысын әуежайда Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды.

Саммитке Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишель, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев және Түрікменстан Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары Нұрмұхаммет Аманнепесов қатысады деп жоспарлаған.

2 маусым 2023, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.