Атырау, 1 қазан 04:39
 ашықВ Атырау +19
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады

816 просмотра

Енді Қазақстанда аналар күні мен әкелер күні атап өтіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тиісті түзетулер Қазақстандағы мереке күндерінің күнтізбесін бекіту туралы қаулыға енгізілді. Құжатқа премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарлауынша, аналар күні мамырдың екінші жексенбісінде, ал әкелер күні маусымның үшінші жексенбісінде тойланады. 

Министрліктің мәліметінше, аналар күні мен әкелер күні әлемнің көптеген елінде отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы институтын нығайту және тәрбиелеу үшін атап өтіледі. 

1 маусым 2023, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.