Атырау, 1 қазан 04:37
 ашықВ Атырау +19
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Тоқаев Алматыда жүргенде балалар Ақордаға экскурсия жасады

500 просмотра

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген 70-ке жуық оқушыға "Ақорда" резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

сүрет: akorda.kz

Oлардың арасында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар.

сүрет: akorda.kz

Аталған шара аясында оқушылар резиденцияның бірінші қабатындағы Орталық салтанатты холл мен ресми қабылдаулар өткізуге арналған "Салтанат" залын, түрлі жиындар өтетін "Шығыс", "Мрамор", "Алтын" "Доғал" және басқа да келіссөздер залдарын тамашалады, сондай-ақ кітапхананы аралап көрді.

сүрет: akorda.kz

Бұдан бөлек, оқушылар еліміздің бас ғимараты туралы қызықты деректермен танысты.


сүрет: akorda.kz

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазір Алматыда жұмыс сапарымен жүр.

1 маусым 2023, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.