Атырау, 1 қазан 04:34
 ашықВ Атырау +19
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Ақтауда Каспий жағалауындағы су қара түске боялды

680 просмотра

Ақтау тұрғындары Каспий теңізі жағалауындағы лайланған суды видеоға түсіріп алды. Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті оқиғаның мән-жайын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ақтау жағалауындағы қара түсті су түсірілген видеоны Lada.kz сайты жариялады. Кадрларда қара түсті толқындар жағаға соғып жатқаны көрінеді.

Ведомство мәліметінше, теңіздің қара реңкке өзгеруін шіріген балдырлардың ыдырауы және тұрып қалуы, сондай-ақ судың таяздануы сияқты ұзақ уақытқа созылған табиғи құбылыстар салдарынан теңіз түбінде лайдың жиналуынан болуы мүмкін деп болжанып отыр.

"Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг аясында 31 мамырда Ақтау қаласының 1-шағынауданындағы жағажай суының ластанғаны туралы деректер анықталды. Осы факт бойынша экология департаментінің мамандары іс-шаралар жүргізді. Осы дерек бойынша экология департаментінің мамандары жағалауға шықты.
Тексеру барысында теңіздің ластануына маңайындағы заңсыз салынған тас пирстер себеп болғаны анықталды. Ақтау қаласы әкімдігі бұл заңсыз құрылысты бұзу бойынша былтырдан бері шаралар қабылдап жатыр. 19 мамырда пирсті бұзу аяқталды. Су ағынынына байланысты қазіргі уақытта судың табиғи жаңару процесі жүріп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, жағажайдың бұл учаскесі 2021 жылдың 29 қазанынан бастап Mangystau project ЖШС сенімгерлік компаниясына тиесілі.

"Келісім шарттарына сәйкес, жақын арада кәсіпкер жағалау аймағын тазарту шараларын қолға алмақ. Бүгінде пирсті сүру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Одан кейін жағалау аймағын дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі", - делінген хабарламада.

1 маусым 2023, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.