Атырау, 1 қазан 04:31
 ашықВ Атырау +19
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Енді Назарбаевтың қауіпсіздігіне Мемлекеттік күзет қызметі жауапты емес

795 просмотра
Сурет: ашық дереккөзден

Қазақстанның Мемлекеттік күзет қызметі бұдан былай тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауапты болмауы мүмкін. Тиісті бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп жазады Nege.kz. 

«Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың өміріне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадір-қасиетіне және меншігіне қарсы бағытталған құқық бұзушылықты анықтау, алдын алу және жолын кесу», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған өзгертілген Жарлық жобасында.

"ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" ҚР Конституциялық заңының күшін жоюына байланысты мемлекеттік күзет қызметі туралы ережелерге өзгерістер енгізіледі.

Жарлық жобасы 14 маусымға дейін ашық талқыда болады.

1 маусым 2023, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.