Атырау, 1 қазан 04:30
 ашықВ Атырау +19
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Инфляция бәсеңдеді: өткен айда қандай азық-түліктің бағасы арзандады

773 просмотра

2023 жылғы мамырда тұтыну бағаларының бір айлық мәндегі индексі баяулап, сәуірдегі 0,9%-бен салыстырғанда 0,6% құрады. Ақылы қызметтердің бағасы – 0,7%, азық-түлік және оған жатпайтын тауарлардың әрқайсының бағасы 0,5%-дан өсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бағаның өсуі әуе жолаушылар көлігі қызметтеріне 11,5%, теміржолға – 2,5% байқалды. Санаторий қызметтерінің бағасы 5,6%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтер – 2,9%, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметтері – 1,7%, денсаулық сақтау қызметтері 1,4% өсті.

«Азық-түлік тауарлары арасында мамырда көкөністер мен жемістердің бағасы өскен: қырыққабат 23,8% пияз 9,9%, жүзім 9,6%, сәбіз 8,6%, алма 5,3%, картоп 4% қымбаттаған. Бағаның өсуі, сондай-ақ күріш – 2,5%, салқындатылған сусын – 1,9%, сүт – 1,8%, шай – 1,6% бойынша байқалды.
Осы ретте қияр 39,6%, қызанақ 23,7%, тәтті бұрыш 7,6%, қарақұмық жармасы 4%, банан 3,8% арзандаған», - дейді мамандар.

Мамырда бағаның өсуі баллондағы сұйытылған газға – 1,7%, бензинге – 1,2%, дизель отынына – 0,7% байқалды. Алдыңғы аймен салыстырғанда киім және аяқ киім 1,3%, жеке қолдану тауарлары 1,2%, ыдыс-аяқ 0,9%, жуу және тазалау құралдары 0,8% көтерілді.

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Шымкент қаласында – 1% (орташа республикалық деңгейден 0,4 п.т. жоғары), ең төменгісі Павлодар облысында тіркелді – 0,1%.

«Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының ең жоғары бағасы Ұлытау облысында – 1,4%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша Алматы қаласы және Солтүстік-Қазақстан облысында – әрқайсында 1%-дан, ақылы қызметтер бойынша Шымкент қаласында, өсім – 2,7%», - делінген хабарламада.

2023 жылғы мамырда жылдық мәнде инфляция деңгейі 15,9% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 16,5%, азық-түлік емес тауарлар 17,2%, ақылы қызметтер 13,5% өсті.

«2022 жылғы мамырмен салыстырғанда кеңсе тауарлары 67,5%, қияр 53,4%, кір сабын 49,7%, ыдыс жууға арналған құралдар 47,1%, қантсыз қоюландырылған сүт 46,6%, күріш 44,9%, күндізгі стационарлық емдеу 43,6%, шақпақ қант 42,7% қымбаттаған.
Керісінше, жылдық мәнде қырыққабат және сәбіз әрқайсысы 19,1%-дан, картоп – 16,8%, у сарымсақ – 8,4%, қызылша 7,1% арзандаған», - дейді зерттеушілер.

1 маусым 2023, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.