Атырау, 25 қараша 16:21
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ардагерлер тегін жүреді

1 581 просмотра

2013 жылдың 1 мамыры мен 31 желтоқсаны аралығында соғыс ардагерлеріне жолаушылар пойызымен тегін жүру құқығы ұсынылады.

Осындай акцияны теміржолшы-лар жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырады. Әрине, бұл жақсы іс, алайда майдангерлердің өте аз қалғаны сондай, мұндай акцияларды уақытын шектемей-ақ өткізуге болады ғой.

Өзінің ресми сайтында «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, Жеңістің 68 жылдығын тойлау құрметіне орай, соғыс ардагерлері еліміз бен ТМД елдері аумағында темір жол көліктерінде бір рет бару-келу жолын тегін жүре алады.

Қолайлы болу үшін теміржолшылар купе ұсынады. Ардагерлер тегін билетті темір жол кассаларынан ала алады. Өзімен бірге жеке куәлігі, сонымен қатар, соғысқа қатысушы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі болуы қажет.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің ақпараты бойынша, біздің облысымызда Ұлы Отан соғысының 139 ардагері бар екен (бір жыл бұрын 176 болған).

Анастасия ПАСТУХОВА

18 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.